«7-20-25»: 150-ге жуық атыраулық баспаналы болды

1 3 Жаңалықтар

Atr.kz/20-ақпан. Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзге асыру аясында 2018 жылы «7-20-25» қолжетімді баспана бағдарламасы бастау алды.

3d93a7917c7d2ed31b6d174dbbddd642 XL

Қазақстанның Ұлттық банкі бағдарламаны жүзеге асыру жұмысын өткен жылы шілдеде бастап, бүгінгі күнге 138 атыраулық отбасы тұрғын үйді несиелеу бойынша екінші деңгедегі банкілерден қолдау тапты.
Облыс әкімдігі мен «Баспана» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы арасында «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру аясында Меморандумға қол қойылды. «Жалпы, бағдарлама басталғалы екінші деңгейдегі банктерге 265 өтініш түсіп, оның 155-і мақұлданды. Оның ішінде 138 өтінішке 1 млрд. 821 млн. теңге қаражат берілді» деді Нұрлан Асқарұлы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз