ПРЕЗИДЕНТ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

20190315001530 Жаңалықтар

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл.  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның шақыруымен «Zayed Sports City» стадионында өткен Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

20190315001919

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Биылғы 14-21 наурыз аралығында Абу-Даби қаласында өтетін Арнайы Олимпиада ойындары – Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінің тарихындағы алғашқы спорт сайысы.

20190315123057

Бұл шараға әлемнің 170-тен астам елінен спорттың 24 түрі бойынша сайысқа түсетін 7500-ден аса спортшы қатысуда. Қазақстаннан үстел теннисі, теннис, дзюдо, суда жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шағын футбол, гольф, бочче, гимнастика, боулинг, роликпен жүгіру және бадминтон сияқты спорттың 15 түрі бойынша 67 спортшы жарысқа түседі.

20190315123102
20190315123107

Дереккөз: «ҚазАқпарат»


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз