«Ашық қызмет» жобасының шеңберінде интернет-конференция өтеді

zhumagulov t.k Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы

Т.Қ. Жұмағұлов байланыста!

zhumagulov_t.k

2017 жылғы 26 шілдеде сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Жұмағұловтың қатысуымен «Ашық қызмет» жобасының шеңберінде интернет-конференция өткізілетін болады.  Интернет-конференция барысында мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау салалары бойынша сұрақтар қабылданады.

Интернет-конференция департаментінің ресми поштасы арқылы нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтар қою үшін dgs@bk.ru мекенжайы бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз