100 мың бекіре – Жайыққа! (+ФОТО, ВИДЕО)

img 20210716 wa0058 rotated Жаңалықтар
https://youtu.be/djA6Cvx1G-w

Бүгін Атырау қаласы маңындағы Томарлы ауылында орналасқан «CASPIAN ROYAL FISH» фермасының тоғанында 3-10 грамға дейін өсірілген 100 мың бекіре шабағы, атап айтқанда, сүйрік (стерляд) деген түрі Жайыққа жіберілді, деп хабарлайды Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

img 20210716 wa0056
img 20210716 wa0066

Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, бұл – фермадағы үш тоғанның тек бірінен ғана алынған шабақтар. Нақтылап айтқанда, Маңғыстау облысының табиғат пайдаланушыларымен келісімшарт жасалған болатын. Соның ішінде, «Актау-Балык LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жайық өзенін өз есебінен балықтандырып отыр.

  • – Біз осындай шаралар арқылы өңірдегі су айдынын бекіре тұқымдас балық қорымен толықтыруға үлес қосып жатырмыз, – деді басқарма басшысы бізбен әңгімесінде. – Зауыт ашылған 2014 жылы Башқұртстаннан 15 мың бекіре тұқымдас балық әкелінді. Польшадан орыс бекіресінің 100 мың дана уылдырығы алынып, зауыттағы бассейндерде өсірілді. Алты жылда бұл балықтардың салмағы 8-9 келіге жетті.
img 20210716 wa0051

Жалпы, зауытта бағалы балықтың төрт түрі – орыс бекіресі, сүйрік, қорытпа мен сібір бекіресі өсіріледі. Арасында үш-бес жылдық балықтар да кездеседі. Серіктестік ұжымы балыққа қажетті жемді Польшадан алдырып отыр. Себебі, бассейндердегі тұйық суда өсірілетін балық үшін сапалы азық қажет. Рас, жем Қазақстаннан да, көршілес Ресейден де табылады. Алайда, сапасы төмендеу болып тұр.

img 20210716 wa0099

– Біздің фермамен тығыз жұмыс жасайтын табиғат пайдаланушылар – «Жумамуратов К.Е.», «Шабаров В.А.», «Самаров А.В.», «Инвалиды войны в Афганистане», «Микор», «Розенко В.В.», «Толқын», «АН-групп», «Колесник С.В.», «Таушық ауыл шаруашылығы», «Батыс Мунай Транс», «Исатай Оперейтинг Компани» және «Актау балык компани» мекемелері. Бүгін осы мекемелер мен жергілікті балық шаруашылығы басқармасының өкілдерінен құрылған комиссия мүшелері шабақтардың санын есептеп, қабылдап алды. Содан соң, арнайы тұрба бойымен су ағызу арқылы Жайыққа жіберді, – дейді «CASPIAN ROYAL FISH» фермасының бас балық өсірушісі Ахат Ниматов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20210716 113450
smart
img 20210716 114255
smart

Біз мамандардан өзенге жіберілген шабақтардың тек бір пайызы ғана ересек жасқа жетіп, толыққанды уылдырық шашатынын білдік. Өйткені, олардың бір бөлігі жыртқыштардың жемтігіне айналса, тағы бір бөлігі әуесқой балық аулаушылардың құрығына түсіп қалады екен.

img 20210716 114458
smart
img 20210716 114030
smart
  • «Жалпы, сүйріктің салмағы бір жылда небәрі 20-30 грамға жетсе, келесі жылы 200 грам жинайды. Сөйтіп, төрт-бес жыл дегенде барып уылдырық шаша алады. Ал, балық өсіру бассейндерінде олар үш жылдың ішінде өсіп-жетіледі. Себебі, табиғи жағдайда су салқын болатындықтан, балық белсенді қоректене алмайды. Сәйкесінше, өсу қарқыны да бәсеңдейді. Ал, арнайы кешенде су температурасы қысы-жазы бірқалыпты, яғни, 22-25 градус болады. Сондықтан, тез өсіп-өнуге мүмкіндік мол. Теңізде су ащы, өзенде тұщы болатындықтан, сүйріктің табиғи ортасы – Жайық болып саналады» дейді бас балық өсіруші.  
img 20210716 115041
smart
img 20210716 wa0104
img 20210716 115405
smart
img 20210716 115350
smart
img 20210716 115639
smart
img 20210716 115834
smart
img 20210716 wa0080
img 20210716 wa0077
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз