№7 емханада жаңа орталық ашылды

1ikplkj6fbhbro9axhf7y38effb5zvvx3rfaui2j Жаңалықтар

Атырау қалалық №7 емханада амбулаториялық  хирургия орталығы ашылды. Енді науқас отаға дейін немесе отадан кейін күні бойы уақытын стационарда өткізбей, жаңа орталықта бірнеше сағат қана ем қабылдайтын болады.

Емхананың бас дәрігері Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, амбулаториялық  хирургия орталығында жоғары технологиялық емдеу әдісі жүргізіледі.

–Бұл орталықты ашудағы мақсатымыз – науқастарға қолайлы жағдай жасап, емдеу ісін жетілдіру, аурухана ішілік инфекция жұқтыру қаупін азайту, емнің оңтайлы әдістемесін дайындау және енгізу болып табылады, – деді ол. 

Айта кетелік, аталған орталықта клиникалық-диагностикалық шаралар, отадан кейінгі науқасты күнделікті таңу, дәрі-дәрмекпен консервативті емдеу жұмыстары  жүргізілмек.

Мәлике МӘЛІК

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз