Атырауда «Шеберлер аллеясы» ашылды

whatsapp image 2021 10 10 at 12.27.45 Жаңалықтар

Атырау қаласы әкімдігі ғимараты тұсындағы жағалауда «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атауымен атыраулық қолөнер шеберлері мен дизайнерлерінің көрмесі ашылды.
Атырау облысы іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен, Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен қолға алынған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

whatsapp image 2021 10 10 at 12.27.45 4


Көрменің ашылу салтанатында облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлжан Қадіржанқызы сөз алды.
— Көрме сәуір айынан бастап қазан айына дейін аптасына бір рет тұрақты ұйымдастырылып отыратын болады. Бұны сауда емес, өнер орталығы деп атаған жөн. Қолдау білдірген басшыларға алғысымыз зор, – деді ол.
Одан соң қала әкімінің орынбасары Самат Жұмабекұлы тұрғындарды «Шеберлер аллеясының» ашылуымен құттықтады.
— Он саусағынан өнер тамған шеберлердің ұлттық өнерімізді дамытуға қосып жатқан үлесі зор. Бүгін тұсауын кесіп отырған «Шеберлер аллеясы» жергілікті қолөнер шеберлерінің туындыларын насихаттап, оларды күнделікті өмірде қолдануға жағдай жасайды деп ойлаймын, — деді ол.
Айта кетейік, жәрмеңкеге авторлық әшекейлер, дизайнерлік киімдер, сыйлықтар мен кәдесыйлар, т.б қолөнер бұйымдары қойылады.
«Бұл өнер алаңы алдағы уақытта қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударатын көрнекті орындардың біріне айналады деген сенімдеміз» дейді ұйымдастырушылар.

whatsapp image 2021 10 10 at 12.27.45 3
whatsapp image 2021 10 10 at 12.27.45 2


Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз