Еуропа кубогінің күміс жүлдесі – Атырауда!

screenshot 20220720 163414 Спорт

Серікболсын Шынтас дзюдодан Еуропа кубогінің күміс жүлдесін жеңіп алды!

Швейцария елінде өткен Еуропа кубогінде атыраулық дзюдошы Серікболсын Шынтас олжалы оралды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жиырма төрт мемлекеттен 206 спортшы қатысқан дүбірлі додада атыраулық палуан 90 келі салмақ бойынша сынға түсті. Алғашқы кездесуде италяндықтан айласын асырған ол, 1/4 және 1/2 финалдағы белдесулерде Германия мен Франция спортшыларын иппон әдісімен таза жеңді. Ал, финалдық кездесуде неміс балуанынан тек ескерту санымен ұтылды.

  • – Қарсыластарымның алдын-ала күрестерін қарап, әрқайсысына жеке дайындалдым. Барлығы да өз елдерінің намысын қолдан бермеуге бар күштерін салды. Бұл жеңісім алдағы үлкен жеңістерімнің бастамасы ғана деп ойлаймын, – деді С.Шынтас.

Айта кетейік, дүбірлі дода 16-17 шілдеде өткен болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз