Атыраулық актер «қола медаль» иегері

11f4862e 4b36 46c5 8f4e a3d118879ba8 Спорт

Астанада Халықаралық театр күніне арналған қазақ күресінен «Театр барысы-2023» I республикалық турнирі өткен болатын.

Боз кілемдегі бәсекелерде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының актері Асланбек Жанбалаевқа тең келер ешкім болмады. Жауырыны жерге тимеген атыраулық актер қарсыласынан басым түсіп, жүлделі III орынды жеңіп алды.

Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайтуды мақсат тұтқан жарыста 17 облыстан қатысқан 48 актер үш түрлі салмақ (66, 74, 90+) дәрежесінде бақ сынады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз