Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Атырауда кәсіпкерлермен кездесті

img 20220602 wa0113 Саясат

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Атырау облысы «Атамекен» палатасында кәсіпкерлермен кездесті.

Онда мәжілісмен алда өтетін саяси реформаның маңыздылығына тоқталып, 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды.

«Өздеріңізге мәлім, Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі. Олардың арасында стратегиялық өзгерістер мен ұйымдастырушылық процедуралық нормалар бар. Республикалық референдумда осы түзетулердің тағдыры шешіледі», деді Серік Ерубаев.

Жиын барысында депутат түзетулердің әрқайсына жеке-жеке тоқталып, жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз