Жарнама
Саясат

Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды

Бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған Ақорданың ресми сайтындағы құжатта.

Айта кетейік, Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша – экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. 1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры болып еңбек етті.

2003-2006 жылдар аралығында – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, PSA ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды. 2012-2014 жылдары – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап – AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап – «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.

2022 жылдың қаңтарынан бастап Энергетика министрі қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button