Бірлігі бекем елдің берекесі артады

Birligi bekem Саясат

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті. Облыстық мәслихат хатшысы, этномәдени бірлестік мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында жүктеген тапсырмалары мен міндеттері және ұлтаралық татулықты нығайту бағытында атқарылған ауқымды істер талқыланды.

????????????????????????????????????

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Нұрлан Ноғаев діни конфессия, этномәдени бірлестік өкілдерінің бейбітшілік пен келісімде өмір сүруі Елбасы жүргізген саясаттың айқын жемісі екендігін айтты.

«Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында елдің әрі қарай дамып, өркендеуіне, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдарды айқындап берді. Бүгінгі таңда Президенттің бастамаларына қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша 155 өтінім түсіп, 101 ипотекалық несие мақұлданып, 81 ипотекалық несие берілді. Екінші бастама бойынша да 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен жалақы алатын облыс бойынша 65 мыңдай адамның еңбекақысын көбейтуге мүмкіндік беріліп отыр. Жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатындағы үшінші бастама аясында жергілікті бюджеттен биыл 246 грант бөлінді. Д.Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжінің 100 орындық жатақханасы биыл пайдалануға берілді. Исатай ауданы Аққыстау кәсіптік техникалық колледжінің 320 орындық оқу корпусының және 100 орындық жатақхана құрылысының жұмыстарын келер жылы аяқтау жоспарланған. Ал, «Шағын несие беруді көбейту» бойынша «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 366 адамға несие беруге 1558,9 млн. теңге қаражат бөлінді. Облыстағы 164 ауылдық елді мекендердің 130-ы «көлгілдір отынмен» қамтылуда. Газдандырылмаған, шалғай орналасқан 34 елді мекен бар. Көгілдір отынмен қамту деңгейі келер жылы 153 елді мекенде 93,3 пайызды құрамақ.

????????????????????????????????????

Әлемде ұлтаралық татулық пен тұрақтылық тақырыбы маңызды саналады. Өйткені, ауызбіршілігі мен татулығы бар елде келешекке деген сенімі болады.  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы да бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту бағытында үлкен жұмыстар атқарды. Жыл басынан бері түрлі бағыттағы  220 000 адамды қамтитын 2663 шара ұйымдастырылды» деген аймақ басшысы биыл «Қазақстан халқы Ассамблеясы» жөніндегі заңға енгізілген толықтырулар туралы айтып, алдағы атқарылар жұмыстарға тоқталды.

Мәселен, «Кедергіге – жол жоқ!» әлеуметтік жобасы аясында мониторингтік топ құрылып жұмыс атқаратын болса, Елбасы Жолдауының өзекті мәселелерін жүзеге асыру бойынша  Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің тақырыптық мәжілістеріне мемлекеттік органдар өкілдерін қатыстыру көзделіп отыр. Тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланыстың тиімділігін арттыру мақсатында  қоғамдық тестілеу ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, «Жастар жылында» «Жаңғыру жолы» республикалық қозғалысы  жастардың барлық санатын қамтитын кең көлемді әлеуметтік  тұғырнамадан тұратын жол картасын жүзеге асырмақ.

Аймақ басшысы Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық мәселе жөніндегі орынбасарлығына «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігі жетекшісі Ли Людмила мен «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Александр Думлердің тағайындалғанын жеткізсе, Владимир Розметовті Қазақстан халқы Ассамблеясы «Кәсіпкерлер қауымдастығының» облыстағы өкілі ретінде таныстырды.

Сондай-ақ, рухани мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін «Таврос» армян этномәдени бірлестігі төрағасы Гагик Плузян Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» Алтын медалімен марапатталып, бір топ азаматқа облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары табысталды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Суретті түсірген: Ә.ӘБІЛҒАЗИЕВ. 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз