АУЫЛ ДА ҚАЛАДАН КЕМ ЕМЕС

Жанай БЕРҚАЛИЕВ,Құрманғазы, Исатай, Махамбет және Индер аудандарының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

 

Президенттің өзі белгілеп берген бес тұғырлы реформадан және нақты жүз қадамнан тұратын Ұлт жоспарында атап көрсетілгеніндей, Мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан Қазақ елінің алдында тұрған мақсат пен міндет те осынау құнды құжатта тұжырымдалған.

Есепті баяндамасын осыдан бастаған Атырау облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы ағымдағы жылдың алғашқы жартысында тындырылған шаруаларды тәптіштеп айтып берді.

Өнеркәсіптен бастап, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнер-кәсіп, құрылыс, жол жөндеу, білім беру мен мәдениет, спорт салаларында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Қаламен шектелмей, қазірде аудан орталықтарында да көпқабатты үйлер салынып, селоішілік, көше және жаяу жүргінші жолдары да жөнделе бастады.

Былтырғы күзде осында екі ел арасында  өткен өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысқан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің өлкеміздегі жаңару үрдістерін, заманауи үлгіде бой түзеген сәнді де сәулетті ғимараттарды, өзге де оңды өзгерістерді  көріп, жоғары бағалағаны есімізде. Мұның өзі  одан әрі өркендей түсуімізге тың серпін бергенін байқадық. Өңіріміздегі өркенді өзгерістерге қарап, болашағымыздың бүгінгіден де жарқын бола түсетіндігіне бек сенімдімін

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз