ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ

Республика аймағында өткізіліп жатқан қамқорлық  айлығына байланысты Сырым Датов атындағы №26 орта мектепте «Жүрек жылуы » атты қамқорлық акциясы өтті.

«Жүрек жылуы» атты тәрбиелік шараны мектеп директоры Исатай Хидуллаұлы ашып, оның мәні мен маңызына тоқталды. «Балалардан қамқорлығымызды аямайық, оларды аялай білейік» деген ізгі  ниетпен мектептің аз қамтылған отбасының 26 баласына ауыл кәсіпкерлері Гүлсара Каражанова, Людмила Казиева, Аруаш Оразғалиева сынды жаны жомарт, мейірімді жандар оқу құралдарымен, киім-кешектермен қарасты. Аталған акцияға мектеп ұстаздары да өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, акция барысында мектеп өнерпаздары «Жүрек жылуы» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Меруерт ХАЙДАРОВА,

С.Датов атындағы №26

орта мектеп психологы,

Ақжар ауылы,

Атырау қаласы.

Бетті дайындаған Лиза Сейтімова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз