ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

«Парасат» ордені

Шырдабаев Мағауия Тәжіғараұлы – «Эмбаведьойл» ЖШС-нің бас директоры, Атырау облысы   

«Құрмет» ордені

Әлімгерейұлы Өтепберген «Атырау-Ақпарат» ЖШС «Шежіре» шығармашылық орталығының бас редакторы

Доронина Надежда Сергеевна  – «АтырауСтройРеставрация» ЖШС-нің директоры

Ерманов Қоныс Амантұрлыұлы – «Дастан» шаруа қожалығының басшысы, Атырау облысы

Жұбанов Әділ Орынбасарұлы – «Батыс Альянсстрой» ЖШС-нің бас директоры, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Исқазиев Орынғазы – «Қазмұнайгаз» барлау-өндіру» АҚ-ның «Эмбамұнайгаз» өндірістік филиалының  еңбек ардагері, Атырау облысы

Исмағұлова Гүлфара Айтқұлқызы – «Інжу-Маржан» ЖШС-нің директоры, Атырау облысы

Рысқалиев Сырым Мұратұлы «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Түгелбаев Сағат Қашқынұлы – «АNACO» ЖШС-нің Байқау кеңесінің төрағасы, Атырау облысы

Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы  Атырау облысы әкімінің орынбасары          

«Ерен еңбегі үшін» медалі

Ақбанов Зинетулла Сұлтанғалиұлы – «Акбанов З.С.» жеке кәсіпкері, Атырау облысы      

Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы – Атырау облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы

Бейсқали Толқын Ермекқызы  «Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің хатшысы

Мұстажапов Зайни Ғиззатұлы «Атырауинждорстрой» ЖШС директорының орынбасары

Салиев Мақсот Жауқанұлы – Атырау облысы Мақат ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері

Сүлейменов Мәлік «Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Қызылқоға балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Топчевский Роальд Борисович «Атырау облысы Білім беру басқармасының «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының  оқытушысы          

«Шапағат» медалі

Нұрманова Күләш Қартеменқызы – «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Исатай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Новобогат дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері          

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы

Артмұхамбетова Айғаным Абдуллақызы – «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі              

Әбдірахманов Қамидолла – «Жаңа Арна» ЖШС-нің директоры, Атырау облысы              

Бисенова Махаш         – «Атырау облысы Махамбет аудандық білім бөлімі «Есбол орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің  директоры

Жақашев Үмбетқали Құсайынұлы – «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары         

Жоламанов Ерғазы Оспанұлы  – «Тазалық – Көгал» ЖШС директорының орынбасары, Атырау облысы   

Қабибуллин Айтқали Батқашұлы – «Қабибуллин» шаруа қожалығының басшысы, Атырау облысы

Құнас Бағытжан Ниетқалиұлы – «Атырау облысы Білім беру басқармасының «Индер көп бейінді ауылшаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры          

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 5 желтоқсан

№974

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз