ЕСТЕН КЕТПЕС ЕСТЕЛІК

Биыл Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 25 жыл толады. Осы бір қасіретті жылдарды еске алу үшін жер-жерде жиындар, сол соғыстың ардагерлерімен кездесулер өткізілуде. 

 

Айтулы датаға орай қаладағы №18 орта мектебінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеуде, әскери қызметтің абыройлы міндет екенін түсіндіру бағытында апта бойына тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Алдымен оқушыларға тарихи мәліметтер кеңінен таныстырылып, «Атыраулықтар – Ауған соғысында» тақырыбында слайд көрсетілді. Оның ішінде облысымыздан қатысып, қаза болған 14 адам мен хабар-ошарсыз кеткен бір азамат жайында кеңінен әңгімеленді. Оқушылар ерлік тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, Отанға деген сүйіспеншілігін шығармаларымен жеткізді. Тәрбиелік  шараларды өз деңгейінде өткізіп, әр баланың жүрегіне  жеткізе білуде мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Жазира Құлшурина, Шынар Жакупова, Майгүл Тоғай ерекше ізденістерін байқатты. 

Бақтылы ЕЛЕШОВА,
мектеп мұғалімі,
Атырау қаласы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз