ЕРІКТІЛЕР – АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ

Индер ауданында жақында «Ардагерлерді қолдау апталығы» жарияланды. Оған «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық  жастар ресурстық орталығы, Индербор кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің ұжымы мұрындық болды.

 

Жастар мен оқушылардан құралған еріктілер жасақтары мектеп басшылығымен бірге көмек-қолдауға мұқтаж егде адамдардың тізімін анықтады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар алдымен индерлік соғыс және еңбек ардагері Құрманғали Дүйсенғалиев пен ардагер-ұстаз Үміт Өмірғалиеваның үйлеріне маңдай тіреді. Қарттардың ауладағы қарын сыртқа шығарып, үй шаруашылығына, ішкі-сыртқы тазалық жұмыстарына қолұшын беріп, жәрдемдесті. Осындай қолдаумен Өрлік ауылынан 14 отбасы, сондай-ақ Жарсуат, Қызылжар, Бөдене елді мекендері мен Индербор кентінен 30 ардагер қамтылған. 

Дәулетқали  АРУЕВ,

Индер  ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз