Өңірлік филиалдың жаңа басшысы кім?

pekke Құқық


«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан бойынша бөлімдері он жыл бойы тиімділігін көрсетіп, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс атқарып келеді.

Ал, «Жаңару» бірлестігінің Атырау облыстық филиалын 2015-2020 жылдар аралығында басқарған Оразғали Қаршегенов соңғы екі жылда жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенімін арттыру жөніндегі іс-шараларға өзіндік үлесін қосқан.
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Семғалиев ел ағасына халық мүддесі үшін атқарған еңбегі үшін ризашылығын жеткізді.
Биылдан бастап «Жаңару» бірлестігінің Атырау облыстық филиалын Атырау университетінің Басқарма төрағасы–ректор, облыстық мәслихат депутаты Саламат Идрисов басқарады.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз