ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ

Газетте жарық көрген кәсіпкер М.Сармановтың мақаласы индерлік кәсіпкерлерді де бейжай қалдырмады.

 

Ауданға танымал кәсіпкерлер мен шаруа қожалығының жетекшілері Ғалымжан Нұғыманов, Сәкен Қалиев, Керімбай Сабырғалиев, Қалқаман Ахметов және басқалар аудандағы әлеуметтік әлсіз топ санатындағы 15 отбасына (барлығы 65 адам) 285 мың теңгенің күнделікті қажетті азық-түлік тауарларын сатып алып беріп, сауапты іс жасады. Өздеріне көмек қолын созған жомарт жандарға олар да ризашылықтарын білдірді.

Жалпы аудан бойынша күнкөріс деңгейі төмен отбасыларға қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік тауарларын жеңілдетілген бағамен сату жөнінде бизнес өкілдері мен жергілікті әкімдік арасында Меморандумға қол қойылған.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз