ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БІРГЕ ҚАДАМ БАСАЙЫҚ!

img 20200917 wa0071 Қоғам

Сайлау – саясаттың бәсекесі ғана емес, халықтың ертеңге деген сенімін қалыптастыратын сайыс. Сол себепті, мен, ЖАЛҒАСБАЕВ КӨПБОЛДЫ ҚАЙДАРҰЛЫ, ел игілігі үшін осы сында бағымды сынап көруді жөн санадым.

Он сегіз жасымнан әскери қызметте болып, еңбек жолымда көп жылдар заңгер болғандықтан, менің басты ұстанымым – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЫМЫРАСЫЗ КҮРЕСУ. Себебі, әбден шегіне жеткен жемқорлық қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп отырғаны бәрімізге мәлім. Сол себепті бұл «індетке» қарсы күреске барша қоғам болып жұмылуымыз қажет. Мен өз кезегімде Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған, Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас Жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы Стратегиясын іске асыруға барынша атсалысамын.

Екінші мәселе – кез келген елді ілгері бастыратын күш-жігер жастардың қолында. Өкінішке қарай, бүгінде жастарымыз жұмыс та таппай жүрген жағдайлар өте көп. Әсіресе, АУЫЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ХАЛ-АХУАЛЫНА ерекше көңіл бөлуіміз керек. Болашақ ұрпақтың жан-жақты өсіп-жетілуіне қолдау көрсете отырып, оларды еңбекпен қамту, жастардың бизнес бастамаларын қолдау бойынша тетіктердің іске асуына қол жеткізген абзал. Себебі, жастарға ақыл-кеңес айтып қана қоймай, билік өкілдері олардың бастамаларын қолдасақ, жас буынның хал-ахуалы әлдеқайда жақсарар еді.

Қоғам үшін тағы бір маңызды мәселе – жас буынға ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ беру. Мен 19-20 жасымда әскери борышымды Ауғанстан елінде өтеп келдім. Мен сол кезде бейбіт өмірдің қаншалықты қымбат екенін сезініп, Отан алдындағы борышымды адал атқару керек екенін ұғындым. Ал, қазіргі бейбіт заманда біз жастарды кітап оқып, ұлттық нақыштағы ән-күй тыңдауға тартуымыз немесе салт-дәстүр мен әдет-ғұрып сақтауға тәрбиелеуіміз қажет. Әсіресе, мұны балабақша мен мектептен бастауымыз керек деп есептеймін.

Жалғаспаев Көпболды Қайдарұлы, 1961 жылы 25 қаңтарда Атырау қаласында өмірге келген. Ең алғаш рет 1976 жылы кәсіптік-техникалық училищеде «ағаш ұстасы» мамандығын алған. 1979-1981 жылдары Кеңс Армиясының қатарына болып, Ауған елінде азаматтық борышын өтеген. Елге аман-есен оралған соң 18 жыл бойы Атырау облыстық Ішкі істер органдарында тапжылмастан еңбек еткен.  2006 жыжы полиция подполковнигі шенімен зейнетке шыққан.

Қазіргі таңда «Охранная фирма Групп 3 Қазақстан» ЖШС Бас директоры және құрылтайшысы болып қызмет етеді.

Төртінші басымдық – құрметті еңбек демалысындағы аға буынның әдемі қарттық кезеңін қамтамасыз ету. Өйткені, ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУ реформалары қолжетімді болуы шарт. Әйтсе де, оның тетіктері жасақталып, білікті қаржыгер-экономистердің көмегімен іске асырған абзал.

img 20200917 wa0070

Ең бастысы – өзіңіз тұрған ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА аса мән беру. Шынында, көптеген жерлестеріміз Атырау қаласының санитарлық тұрғыдан таза, ажары келіскен әсем қала болғанын қаласа да, өзі тұрып жатқан мекеннің тазалығына мән бермей жатады. Көшеде қоқыстың шашылып жатуы, әп-әдемі көрнекіліктер, саябақтар мен скверлердегі демалуға қолайлы дүниелерді бүлдіріп кететін де тұрғындарымыздың бар екені жасырын емес. Бұл да ел дамуы жолындағы маңызды мәселелердің бірі деп ойлаймын.

Осы мақсаттардың іске асуына, құрметті жерлестер, Сіздерді жұмыла атсалысуға шақырамын. Ұзақ сапардағы серігіңнің адал болғаны – мақсатыңның жартысына жеткенмен тең. Қай кезде де мен Сіздермен біргемін! Сіздер мені қолдайды деген үміттемін!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз