ЖАҢА НЫСАНДАР – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ

Қызылқоға ауданындағы Сағыз бен Мұқыр ауылдарында бірнеше бизнес нысаны пайдалануға берілді.

 

Осылайша, сағыздық жеке кәсіпкер Нұрлыбек Әмірше «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тас жолының бойынан «Әлихан» қонақ үйі мен шайханасын ашса, оның мұқырлық әріптесі Смахан Маңғыбаев пластикалық есік-терезе жасайтын цехты іске қосты. Ал, оның ауылдасы Қуаныш Айтуғанов 20 орындық моншаның тұсауын кесті. Одан бөлек, Мұқырда жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория есігін ашты.

Бұлардың барлығы да өз жобаларын «Ауыл шаруашылығын қажылай қолдау қоры» АҚ арқылы, «Бизнес аймақ» бағдарламасы аясында жүзеге асыруға мүмкіндік алып отыр. Бөлектеп айтарымыз, заманауи үлгіде, уақыт талабына сай салынған ауылдағы медицина мекемесінің құрылысына мемлекет қазынасынан 83 млн. теңге қаржы бөлініп, мақсатты әрі мерзімді игерілген.

Д. ЛАТИФҰЛЫ.

Қызылқоға ауданы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз