M deniet pen ner egiz yim

Тарихи сананы жаңғырту қадамдары

Мәдениет Қоғам

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұған дейінгі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екені даусыз. Бұл құжатта Елбасы бірқатар мәселелерді толықтырып, аталған  бағдарламаның жүзеге асыру жолдарын нақты көрсетіп берді.

--M--deniet-pen---ner-----egiz-----yim---768x569

Ұлт Көшбасшысы айтқандай, Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы. Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әрбір түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Бұл орайда түркі әлемі ­­- біздің алтын бесігіміз. Осыған байланысты «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алудың маңызы зор.  Бұл жоба аясында келесі жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін және әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндері ұйымдастыру керек. Мемлекет басшысының осынау тапсырмалары негізінде қасиетті Түркістан жеріндегі Әзірет сұлтан бабамыздың кесенесін және үлкен қауымды қайта жаңғырту жұмыстары біздің облысқа жүктеді.  Облыс басшысының ұйымдастыруымен арнайы топ Түркістанға барып, Мәдениет және спорт министрлігімен бірігіп, бірқатар жобаны  қолға аламыз.

Ал, Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтауда аймақта үлкен жұмыс қолға алынады. Дәлірек айтқанда, Атырауда осындай атаумен аллея ашылады. Қазір алдағы уақытта есігін айқара ашады деп жоспарланған облыстық шығармашылық орталық пен концерттік залдың арасындағы жер телімі аталған жобаны іске асыруға арналды. Бұл жерде атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылып, көрермендерге Ұлы даламыздың ұлы есімдерімен танысуға мүмкіндіктер жасалады. Сондай-ақ, «Ұлы даланың тұлғалары» атты  ғылыми-көпшілік сериялар  шығару жоспарланды. Өткен жылы «Атыраудың ағартушылары» атауымен серия шыққан еді. Осы секілді келесі жылы жарыққа шығатын серия тек Атыраудың ғана емес, қазақ халқына ортақ дүние болады.  Бұл бағыттағы жұмыстарға қазақстандық ғалымдармен қатар, шетелдік мамандарды да тартатын боламыз. Шетелдіктерді араластыруымыздың басты себебі, біздің қаһармандарымыздың өмірі мен қызметі жайында тек қазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ, шетелдіктер де кеңірек білетін болады.

Мұның барлығы – Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға байланысты тапсырмасын іске асыру қадамдары. Осынау міндеттерді біздің өңірде орындауға жан-жақты қолдау да, дайындық жұмыстары да бар.

Саламат САБЫР,

облыстық мәдениет, архивтер және

құжаттама басқармасының басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған