Тұрмысымызды түзеу үшін алынған шара

Тәуелсіздік таңымен шекарасы айқындалып, шегеленген әр ел өз шекарасының аясындағы жерге ғана иеліке те алады. Сондықтан, қазіргі қоғамдағы «жер шетелдіктерге сатылады екен» деген пікірдің ешбір негізі жоқтығын баса айтқым келеді.

Ал, жерді жалға беру жайында айтсақ, бұл барлық елдерде қолданылатын жағдай. Бізге әлемдік интеграциядан тыс, оқшау өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан, экономикамыздың дамуы қалыс қалмас үшін жерді белгілі бір мерзімдерге жалға беруге аса бір қарсылық танытудың жөні жоқ.

Өйткені, Жер кодексіндегі жаңашылдыққа, оның нормаларына сәйкес, шетелдік азамат ауыл шаруашылығына арналған жер телімін тек жиырма бес жылға дейінгі мерзімге жалға алу құқымен ғана иелене алады. Ауыл шаруашылығы жерлерін олардың жеке меншігіне берілуіне ешқашан жол берілмейді. Бұл заңмен қорғалады.

Қазір «Жер туралы» Заңға енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – ауыл шаруашылығына арналған бос жатқан жерді тиімді, ұтымды пайдалану, осыны дұрыс ұғынғанымыз жөн. Бұл – халықтың жағдайын жақсарту, тіршілігін көркейту бағытында жасалып жатқан шаралардың бірі. Бұған дейін мен де осыдан алты жыл бұрын 30 гектар жерді бес жылға жалға алып, егін шаруашылығына бет бұрдым. Кейін жылыжай салып, қыста да, жазда да егіннен мол өнім алуға қол жеткіздім. Бос жатқан жерді бұлайша ұтымды пайдалану тиімді болғандықтан, жалға алу мерзімін 49 жылға дейін ұзарттым. Сөйтіп, Атырау облысының ауыл шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі толық қамтуына үлесімізді қосып келеміз.

Мұның бәрін айтуымның өзіндік себептері де бар. Ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын құнарлы жердің нақты иесі болса, бұл осы саланы өркендетуге үлкен септігін тигізеді. Жерді жалға, не өз иелігіне алған шаруашылық иесі оның құнарлылығын арттыруға мүдделі болады. Сөйтіп, сол жерде өнімдерді молынан өсіруге ынтасы оянады.

ҚалдықызДОСЖАНОВА,

«Сұлтан» шаруа  қожалығыныңбасшысы, Атырау қаласы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз