ШОПАН АТА

Жылыойлық Сабыр Домбаев – сатиралық және патриоттық рухтағы жыр шумақтарын жазып жүрген байырғы авторлардың бірі. Таяуда жетпіс бес жастың желкенін керген оның екі төл туындысын жариялауды жөн көрдік.

Еңбек Ері, Жылыой ауданы мен Атырау

облысының Құрметті азаматы

 Кісенбай Асабаевқа арнаймын.

Автор. 

(Әуені бар)

Жайлауым,салқын самал Жем бойында,

Құрбыжан, шопандардың кел тойына-ай.

Мыңдаған қой өргізіп, бас бәйге алған,

Кісенбай аға шопан Кең Жылыойда-ай.

 

Қайырмасы:

Ей! Ұшқан әулие жайлауын,

Бақа, Молхат-сайларын,

Ақтөбе, Каспий арасын,

Алып жатқан, жамырап,

Кісенбай баққан қойлар-ай,

Әй, кеттің дәурен, қайдан-ай?

 

Шопаным, еркін жұтқан таң самалын,

Көркіне, Кең Жылыойдың тамсанатын-ай,

Өрісі, Желмен-Желтау-Қазыбек асып,

Күн көзін, елден бұрын қарсы алатын-ай.

Қайырмасы:

Жаз-жайлау, бидайық пен бұйырғыным,

Гүл-далам, жусан иісі, үйір жылқым-ай

Сағымда ойнақ салған ақбөкендер,

Сияқты билегені «Ерке сылқым»-ай.

Қайырмасы: 

Домбыра вальсі

(әні мен сөзі Сабыр Домбаевтікі) 

Шерменде болып тумадың,

Шегіңде жатқан сезім-ой.

Шертіп бір баяу ойнадым,

Шер тарқатар кезім ғой,

Басыңды қойып кеудеме,

Жүрегіммен тілдескен.

Саусағым барды-ау пернеңе,

Еріндей тәтті өбіскен,

 домбыра…

Ақылгөй менің досым көп,

Сырт айналып сататын.

Сүйгенім менің неге үнсіз,

Жырымен мұңын шағатын.

Аймалап сүйді самал жел,

Екеумізге бақ тілеп.

«Шалғайда жүрсең аман кел»

-дейтін ед, сол қыз ақ жүрек,

                                                домбыра …

Қоп-қоңыр мынау шанақтан,

Арқалы күйлер төгілген.

Мұң болып қонып қабаққа,

Өлең боп содан өрілген.

Көре алмас шалды аяқтан,

Ізімді аңдып үңілген.

Жағымпаздан шошындым,

Көлгірсіген көк көзді, домбыра…

Бұлбұлдай ғажап сазыңмен,

Асылушы едің мойныма.

Қайғы, қасірет бәрі де,

Қалатын сонда жайына…

Жанымды жылыт, домбыра,

Суып барам біртіндеп,

Өлгенімде соңыра,

Жылайтын сенсің еңіреп, домбыра…

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз