РУХ БЕРЕТІН ЕҢБЕК

Биылғы Астана күні мерекесі айрықша болды. Оның себебі де жоқ емес. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбат кітабы «Өмір өткелдері» деген атпен жарық көрді.

 

Бұл кітапта ұрпаққа тағылымды тәрбие беретін Президентіміздің өмірінің жарқын кезеңдері, тығырықтан жол табатын кемеңгерлігі туралы жазылған. Туған жері туралы жазған «Үшқоңыр» сынды патриоттық тақырыптағы әндерінің шығу тарихы да баяндалыпты. Елбасының Украинада өткен жастық шағы, өмірінің қызықты кезеңдері кім-кімге де өнеге берерліктей. Украинада оқып жүрген жастардың Қазақстанға, туған жерге деген сағынышы, ұлттық намысты жоғары қойғанын оқығанда қалай тебіренбессің?! Жұмысшы ортасынан шығып, басшылық қызметке өрлеген Нұрсұлтанның өсу жолынан бар қазақ баласы үлгі алса болады. Оның өмірінің ең басты кезеңі он бес одақтас республика тарап, Кеңес Үкіметі құлаған тұстан басталады. Сондай өлара шақта ел тізгінін тәуекелге бел байлап қолға алуы –Президенттің жаужүрек батырлығының айғағы.

Астананы Сарыарқа төсіне көшіру тарихы да айтылыпты. Ол шешімнің дұрыстығын тарих бізге дәлелдеп отыр. Сондықтан, жастарға айтарым «Өмір өткелдері» кітабын оқыңдар, рух алыңдар, Қазақ елі үшін жұмыстаныңдар!

Құрмет НҰРСАРИЕВ,

еңбек ардагері, зейнеткер,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз