ҚМДБ Атырауға 40 тонна көмек жіберді

bez imenipkk Қоғам

Атырау облысындағы су тасқынына байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Астана қаласынан өңірге 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

«Иманғали» орталық мешітінің қызметкерлері мен еріктілер әкелінген азық-түлік өнімдері мен төсек-орын жабдықтарын реттеп, 4 жүк көлігіне тиеп жатыр. Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, гуманитарлық көмек Жылыой ауданындағы тиісті пункттерге жіберіледі.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз