ПОЛИЦЕЙЛЕР – АЛДА!

Қызмет пен спортты қатар алып жүруді игі дәстүрге айналдырған облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция қызметкерлері үшін «Спорт – денсаулық кепілі» дейтін халық даналығы басты ұстанымдардың бірі болып табылады. Осындай мықты жігердің арқасында көптеген додаларда жүлдеден құр қалмай келеді.  Соның  бір айғағы,  жуырда Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде өткен  облыстық «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойына арналған қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасында ІІМ-нің чемпионатына іріктеу жарысында ұжымның бірқатар қызметкерлері жеңіс тұғырынан көріне білді.

 

Атап айтсақ, 55 келі салмақта полиция сержанты А.Саменов, 60 және 65 келі салмақта полиция кіші сержанттары А.Каштенбай мен Н.Манашев жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ орынға полиция кіші сержанттары С.Сәрсенғалиев (65 келі) пен Т.Өтемісов (70 келі) табан тіреді.

Полиция кіші сержанты К.Құстанов + 90 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлдені қанжығасына байлады. Осындай жетістіктердің нәтижесінде ұжым жалпыкомандалық есепте І орынды еншіледі.

Қайыржан ДҮЙСЕНБАЕВ,

полиция капитаны.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз