КӨРНЕКІ АҚПАРАТ КӨКЖИЕГІ

Халыққа түрлі мағлұмат беретін көрнекі ақпараттың ахуалы – маңызды мәселе. Осыған орай облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қоғамдық бірлестіктер өкілдерін тарта отырып, Атырау қаласындағы халыққа қызмет көрсететін бірқатар нысандарда, соның ішінде «Ару Плаза» сауда ойын – сауық кешені, «Балықшы» базары, «Сауран» сауда орталығы және басқа мекемелерде қоғамдық акция өткізді.

 

Еліміздің «Тіл  туралы» заңы талаптарының орындалуы бойынша түсінік беру мақсатында ұйымдастырылған шарада аталған мекемелердің көрнекі ақпараттарында мемлекеттік тіл мен ресми тілдегі мәтіндердің орналасу тәртібі, байқалған орфографиялық және стилистикалық қателер жөнінде әдістемелік көмектер көрсетіліп, түсінік берілді. Сондай-ақ,  аталмыш  нысандар басшылығына ұсы-ныстар берілді.

Назерке ЕСЕКЕШЕВА,

басқарма маманы,

Атырау қаласы.

 

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз