КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН САЯХАТ

Атыраудағы Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері «Атамекен» өлкетану-туристік жорығы аясында Индер ауданында болды.

 

Аудандық өлкетану мұражайын тамашалаудан бастау алған саяхатта балғындар батыр, ақын Махамбет Өтемісұлына және қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовқа арналған ескерткішпен танысты.

Сондай-ақ, бүгінге дейін қолданыста болған бидайды  түйетін келі, су таситын иінағаштар балаларды қызықтырмай қоймады. Жас саяхатшылар мұражай таныстырушысы Зәуреш Оспановаға алғысын айтып, өздерінің қолдарынан жасаған өнер туындыларын табыс етті. Индердің ашық аспандағы қазба байлығын тамашалап, естелік суреттерге түсті.

Нысанова Жеңісгүл есімді тәрбиеленуші мұражайда тамашалайтын қызықты жәдігерлердің көп екенін айтса, Мәрмәр Рахиденова Тұздыкөлдің табиғатына таң қалды.

– Өлкеміздің тарихи-мәдени орындарына саяхат жасау арқылы жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімдерін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, жазғы демалыстарының қызықты өтуін қамтамасыз ету мақсатындағы саяхат сәтті өтті. Бұған дейін ортағасырлық қала Сарайшықта болсақ, енді Орал қаласына аттанып барамыз, – дейді тәрбиленушілердің топ басшысы, «Гүлдерай» жазғы демалыс лагерінің жетекшісі Тілекші Нығыметова.

Саламат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз