«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ СТАНЦИЯСЫ» МОНЕТАСЫ АЙНАЛЫСҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

Еліміздегі Ұлттық Банк ғарышты зерттеу және жаһанның тылсым құпияларын ашу тарихындағы оқиғаларға арналған серияны жалғастыратын «Халықаралық ғарыш станциясы» монеталар сериясын шығарды.
ҚР Ұлттық банкі Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің жетекші маман-экономисі Ғалия Тариховадан білгеніміздей, номиналы 500 теңге болатын биколорлы (құрамдас) және номиналдық құны 50 теңгелік нейзельбер қоспасынан жасалған екі «Халықаралық ғарыш станциясы» монетасы айналысқа шықты.

AMONETA2Монеталар шеңбер пішіндес, біріне-бірі орналасқан сақинадан және дискіден тұрады. Монетаның ішкі дискі танталдан, сыртқы дискі сақина күмістен жасалған. Дайындау кезінде алғаш рет танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды. Бет жағында (аверсінде) ортасында адамзат пен жаһанның бірлігін, өткен мен бүгінгінің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. 
Оң жағында монетаның номиналы – «500 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасы» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.
Нейзельбер қоспасынан жасалған «ХҒС» ескерткіш монетасының диаметрі – 31 мм, салмағы 11,17 грамды құрайды. Таралымы – 100 дана. Ескерткіш монетаның алты мың данасы сату үшін арнайы пластикалық термовакуумға салынған. Бұл ескерткіш монеталар еліміздің бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударымдар жасау үшін қабылдауға міндетті.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз