«Еркінқала – ауылым, өскен жерім»

img 20220908 wa0043 Қоғам

Еркінқала орта мектебінің алғашқы «алтын белгі» иегері, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, өмірі өнегеге толы Төлеген Хасановпен кездесу кеші осылай аталды.

Осындағы мәдениет үйінде өткен шараға оның сыныптастары, әріптестері мен жанашыр жандар қатысты. 

 «Тұлға болып туылмайды, қалыптасады. Ал, бұл әр адамның тегіне, ортасы мен тәрбиесіне байланысты. Сол секілді, бүгінгі қонағымыз да Ресейдегі Уфа мұнай институтына оқуға түсіп, тау-кен иженері мамандығын меңгерген. Әрі, спортты да серік етіп, «КСРО спорт шебері» атанған. «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігіне қарасты «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндірістік басқармасында қарапайым оператор болып еңбек олын бастаған ол еңбекқорлығы мен білімінің арқасында бас инженер болып тағайындалған. Содан соң елдің түкпір-түкпірінде түрлі басшылық қызметтерді абыроймен атқарды» дейді шараны ұйымдастырушы Айғанша Сейтмағамбетова. 

Расымен де, Төлеген Айшұлы 1995 жылы еліміздің мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, «Мұнай-газ» мемлекеттік холдингінің президенті, 1997 жылы «Қазақойл» ұлттық компаниясының вице-президенті болды. Кейінгі уақытта «Теңізшевройл» серіктестігінің ел астанасындағы өкілдігінің басшысы және кеңесші болып өзінің өндірістік тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп жүр.

Осыдан тура 55 жыл бұрын өмірлік жары Мнаура Хасановамен көңіл жарастырып, отау құрған. Бүгінде екеуінен өрбіген ұрпақ қызығын көріп жатқан жайы бар.

Амандық АБДОЛ

Фото: автор

img 20220908 wa0045
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз