ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен облыстық қарттар үйінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ер есімі – ел есінде» атты мәдени шара өтті.

Кездесуде Ұлы Отан соғысының ардагері, 95 жастағы қарт Н.Славов пен он тыл ардагеріне құрмет көрсетіліп, арнайы төсбелгілер тарту етілді. Сондай-ақ, «Атырау Рауан» қоғамдық бірлестігінің директоры Дамир Төлегенов, «Денхолм – Жолдас» ЖШС бас директоры Г.Адаева интернат тұрғындарына мерекелік сый-сияпат жасаса, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония директоры Ғ.Дүйсенғалиев әп-әсем концерттік бағдарлама ұсынды.

Кенже ӘБІЛҒАЗИЕВ, облыстық қарттар үйі тұрғыны.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз