ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ДА ШЕШУ ЖОЛДАРЫ БАР

Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағының мәжіліс залында «Еңбек жанжалдарының алдын алу және реттеу» деген тақырыпта семинар өтті.
Шыны керек, еңбек жанжалдары мен даулары қай кезден де бар. Семинарда осы мәселелер кеңінен талқыланды. Өз кезегінде заңгер Валентина Семеновна мұның орын алу себептері мен салдарын, мүмкіндігінше шешу жолдарын кеңінен түсіндіріп берген болса, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әліпқали Дәулетияров нақты мысалдармен сөйледі.

– Үстіміздегі жылдың он айында біздің басқарма 442 ұйымға тексеру жасады, – деді семинарға қатысушылар алдында Әліпқали Төреұлы. – Сондағы орын алған кемшіліктерге орай 30 млн. теңгеден астам айыппұлы салынды. Еңбеккерлерден 690 арыз-шағым түсіп, соның 277-сі оң шешімін алды. Ол – еңбекақының уақытында төленбеуі, еңбеккер мен жұмыс берушінің арасындағы есеп айырысудың айлап, тіпті жылдап созылып кетуі, жұмыстан заңсыз шығарылу.
Семинарда, бұдан басқа, прокуратура қызметкерлері мен медиаторлар сөз алып, көтеріліп отырған мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды, мысалдармен түсіндірді.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз