Атыраулықтар бір уақытта диктант жазды

screenshot 20220907 171756 Қоғам

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жоба аясында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында жалпықазақстандық ашық диктант өтті.

«Ахмет Байтұрсыұлы – дәуірдің дара тұлғасы» деген тақырып тек осы аптаның басында ғана хабарланған екен. Биыл кемеңгер ақынның туғанына 150 жыл толып отыр.

Осымен сегізінші рет өткізіліп отырған шараға жас ерекшелігіне қарамастан барлық азаматтар қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жолы Атыраудан 70-ке жуық адам қатысты. Арасында түрлі ұлт өкілдері бар. Қорытындысы үш күннен кейін хабарланбақ.

Шараның республикалық кезеңін ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ, ал өңірлік кезеңін жергілікті атқарушы органдар, өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ, этномәдени бірлестіктер мен азаматтық қоғам институттары ұйымдастырды.

«Мемлекеттік тіл көпэтносты халқымызды біріктіруге ықпал ететін құрал ретінде қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Мемлекеттік тілді жетік білу – жаңа заманның талабы. Еліміздің әр азаматы үшін өз Отанының, өскен өлкесінің тарихын, мәдениетін, тілін білу – парыз. Мемлекеттік тілді меңгеру арқылы жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі артады, олардың жан-жақты дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады, сонымен қатар, көпэтносты халқымыздың әр азаматы мемлекеттік тілді білуі жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыруға үлес қосады. Жобаның мақсаты – өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру, мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше қызығушылық танытқан өскелең ұрпақты, түрлі этностық топтардың жастарын ынталандыру шаралары арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға жәрдемдесу» дейді Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ләззат Жылқышиева.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

(Толығырақ «Атырау» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз