Атыраулық полицейлер ерекше балаларға тосын сый жасады

img 20201216 wa0129 Қоғам

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі  Болат Көшқалиевтің басшылығымен тергеу және анықтау  саласының қызметкерлері  қаладағы № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының  тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.

Полицейлер балаларға аниматорлық шоу мен  тәтті сыйлықтар сыйлады. Тәртіп сақшылары тарту еткен тосын сыйға қуанған бүлдіршіндер өз ризашылықтарын көтеріңкі көңіл-күйлерімен жеткізді.


Полиция қызметкерлері балаларға ізгі тілектерін арнап, ел тәуелсіздігінің маңызы мен мәртебесі туралы айтты.

img 20201216 wa0127
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз