АСА АРДАҚТЫ АНАЛАР, АЯУЛЫ АПАЛАР МЕН ҚЫРМЫЗЫ ҚАРЫНДАСТАР!

Сіздерді  8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел-ана – тіршіліктің күретамыры,  өмірдің  мәні мен сәні,  сүйіспеншілік пен мейірімділіктің қайнар көзі. Сондықтан жылдың ең ғажайып мезгілі  –  көгілдір көктеммен  бірге  жылылық  пен  сұлулықтың  жаршысындай  болып енетін алғашқы мерекесі – мәртебелі мейрам.

Адамзаттың ұрпағын жалғастырып, тәлім-тәрбиенің, тірлік пен бірліктің   алтын діңгегі болған Әйел-анаға өткеннің өнегесі  мен келешегіміздің кемелденуі де тікелей байланысты. Күні бүгінде егеменді еліміздің, мұнайлы өлкеміздің өсіп-өркендеуіне нәзік жандар шексіз үлес қосып отыр. Ендеше, әрдайым Сіздердің  денсаулықтарыңыз, қажыр-қайраттарыңыз сарқылмасын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, көңілдеріңіз көктемнің күніндей шуақты болғай!

Ізгі ниетпен,
Атырау қаласының әкімі С.Айдарбеков.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз