АЛТЫН АЛҚАЛЫ АТЫРАУЛЫҚТАР

Орал қаласында муайтайдан әуесқой спортшылар арасында Қазақстан чемпионатының ақтық бәсекесі және «Номадтар шайқасы-3» халықаралық кәсіби турнирі өтті. Жеті салмақ дәрежесінде бақтарын сынаған әуесқой спортшылар арасында 84 келіде өнер көрсеткен атыраулық Жасұлан Хасимов жеңімпаз атанса, Амангелді Бекқалиев қола медальді иеленді.

Төрешілердің шешімі бойынша кәсіпқой спортшылар арасында бес жеңістің төртеуі біздің елдің спортшыларына бұйырды. Кәсіпқой турнир қатысушылары 1 000 АҚШ доллары, ал жеңімпаздар 1500 АҚШ доллары көлемінде   сыйақыға ие болды. Тартысты сайыстан тікелей көрсетілімді Ресейдің «Боец» телеарнасы ұйымдастырды.

Халықаралық «Номад-3» жекпе-жегінде атыраулық Исатай Теміров айрықша шеберлік үлгісін көрсетіп, ресейлік чемпион Артур Искаковты екінші раундта нокаутпен жеңді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз