Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Атырауда «NCOC» компаниясы ерекше жандарға екі инватакси тарту етті

whatsapp image 2021 10 19 at 18.01.44 Медицина

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының теңгеріміне өткен автокөліктер Қызылқоға және Исатай аудандарына берілді – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Инватакси» қызметі 2010 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Содан бері, облыс бойынша мұндай таксилер саны 25-ке жеткен болса, бүгін көлік саны тағы артты.

  • Ендігі мақсат, шалғай ауылдарға да инватакси қызметін жеткізу. «NCOC» компаниясы тарту еткен көліктер Қызылқоға және Исатай ауданындағы шалғай ауылдардың ерекше жандарын тасымалдайды. Алдағы уақытта, мұндай көліктердің санын арттырып өзге аудандардың да алыс ауылдарын қамтимыз – дейді Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов .

«Газель» маркалы көліктер ерекше қажеттілігі бар жандарды тасымалдауға арналған. Автокөлік ішінде арбаларға арналған арнайы көтергіш орнатылған.

whatsapp image 2021 10 19 at 18.01.45
whatsapp image 2021 10 19 at 18.01.46
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз