Шұғыл!Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталады

unnamed file 19 COVID-19: Соңғы поштадан...
Министрдің айтуынша, вакцинациялау екпенің жеткізілуіне қарай кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.  

Министрдің айтуынша, 19 қаңтарда Қарағанды фармацевтика кешені мен Ресейлік тікелей инвестициялар қоры арасында «Спутник V» вакцинасының 20 мың доза алғашқы партиясын жеткізу туралы келісімге қол қойылады.

«1 ақпанда халықтың кейбір топтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егуді бастау жоспарланып отыр. Вакцинациялау екпенің жеткізілуіне қарай кезең-кезеңмен жүзеге асады», – деді Цой үкімет отырысында.

Вакцина кімдерге егіледі?

Бірінші кезеңде:

Инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары – 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап шамамен 100 мың адам;

Екінші кезеңде:

жалпы білім беретін мектептер, жоғары оқу орындарының педагогтері, медициналық қызметтің жұмысшылары – 2021 жылдың наурызынан 150 мыңға жуық адам;

Үшінші кезеңде:

мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, студенттер, созылмалы аурумен ауыратындар – сәуір айынан бастап 600 мың адам.

«Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салу жоспарда бар», – деді Цой.

Бұған дейін денсаулық министрі Қазақстанда наурыз айының соңында коронавирус шарықтау шегіне жетуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Sputnik Қазақстан 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Гульмира

    Бірінші сол министрдің ози алсын вакцинаны!

  2. Гульжан

    Неге депутаттар, министрлер биринши салдырмайды. Солар гой халыктын жагдайын ойлайтын.корсетсин шынымен халык ушин жумыс жасап жаткандарын. Баягы медиктер,педагогтер, студенттер.