Атырау «сары аймаққа» өтті: 93 емделуші коронавирустан сауығып шықты

2 scaled COVID-19: Соңғы поштадан...

«Өткен тәулікте Атырауда 88 адамнан коронавирус анықталды» деп хабарлайды Atr.kz

Оның ішінде, 65 науқас Атырау қаласынан, 8 науқас Теңіз кенішінен анықталып отыр.

«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы Жылыой ауданының 2, Индер ауданының 1, Исатай ауданының 2, Қызылқоға ауданының 2, Құрманғазы ауданының 5, Махамбет ауданының 3 тұрғынынан анықталып отыр» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

29 науқаста вирус симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте Атырауда 93 адам коронавирустан сауығып шықты.

Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысы «сары аймаққа» өтті.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз