Музейде тағылымдық сабақ өтті

ae612c30 763a 48f0 bd1f 5d94d4169728 Білім

      Республика күніне орай  облыстық тарихи-өлкетану музейінде  «Егемен елім – Қазақстан» атты тағылымдық сабақ өтті. Аталған сабаққа  №12 Ф.Досымова атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары мен жетекші мұғалімі қатысты.

       – Сабақтың мақсаты –  оқушылардың бойына туған елге, Отанға деген құрмет пен отаншылдық құндылығын дарыту,  Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру болды, – дейді музей мамандары.

      Сабақ музейдің «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» экспозициялық залында өткізіліп, онда оқушыларға 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясы,  тәуелсіздік жолындағы Қазақстан, рәміздеріміз туралы көптеген мәліметтер айтылды.

298681fc 549d 4b0a b638 54c73385e601

Оқушылар да ерекше форматтағы сабақта белсенділік танытып, өздерінің әсерлі ойларымен бөлісті.

Майра СЕЙІТҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз