WhatsApp арқылы күніне 1 млрд адам қанша хабарлама жібереді?

01 2017 11 03T091117Z 1390143114 RC1D4EEE7BF0 RTRMADP 3 FACEBOOK WHATSAPP Жаңалықтар

«WhatsApp мессенджерінің артықшылығы, оның қарапайымдылығы мен ыңғайлылығында». WhatsApp Inc. компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Нирадж Арора дүйсенбі күні Дубайда өткен Бүкіләлемдік 6-шы үкімет саммитінде осындай мәлімдеме жасаған. Бұл туралы халықаралық ТАСС агенттігі хабарлады.

01_2017-11-03T091117Z_1390143114_RC1D4EEE7BF0_RTRMADP_3_FACEBOOK-WHATSAPP

Арораның айтуынша, WhatsApp қолданушыларының саны айына 1,3 млрд адамға жеткен. Сонымен қатар, күн сайын 1 миллиардқа жуық адам 55 млрд шамасындағы хабарлама жібереді екен.

Вице-президент өз сөзінде мәтіндік және дауыстық хабарламалар көлденең шифрлеу әдісі (end-to-end) арқылы қорғалатынын да жеткізді.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік үкімет саммиті БАӘ премьер министрі және Дубай қаласының басшысы шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның қамқорлығымен өткізіліп келеді. 2013 жылы алғаш рет ұйымдастырылған іс-шара азғана уақыттың ішінде халықаралық сипатқа ие болған.

 

Шаһсұлтан БАҺАДҮР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз