УДМУРТТАР ҰМТЫЛЫСЫ

Кеше облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырауға жұмыс сапарымен келген Удмуртия Республикасы Үкіметінің Төрағасы Виктор Савельев пен Экономика министрі Михайл Зайцевті қабылдады.

 

Аймақ басшысы алдымен меймандарды  облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды.

Кезегі келгенде Удмуртия Республикасы Үкіметінің Төрағасы Виктор Алексеевич те Қазақстанда, соның ішінде Атырау өңірінде орын алған өркенді өзгерістерді оң бағалай келіп, өз елінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын қысқаша баяндады. Ауыр өнеркәсіп салаларының арасында машина жасау, ауыл шаруашылығы техникаларын шығару, агроөнеркәсіп өндірісі  өркендеген бұл елде орман шаруашылығы, ағаш өңдеу мен дайын бұйымдар жасау, құрылыс индустриясы да жақсы дамыған. Сол себепті де, удмурттардың атыраулықтармен ынтымақтастық орнатып, мүмкіндігіне қарай болашақта өз жобаларын ұсынуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз