ҰБТ: Жаңа жобаның жаңалығы

maxresdefault 1068x601 1 Білім

Atr.kz/30 қазан, 2020 жыл. Болашақта қазақ елі өркениетті мемлекеттермен иық тіресетіндей болуы үшін жас ұрпақтың білімді де білікті, парасат пайымын жауапкершілік пен жаңашылдыққа ұштастырған жаңа заман адамы болып қалыптасуы шарт. Сондықтан, білім саласына қойылатын талап жоғары, олар көтеретін жүк ауыр. Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловпен Атырауға келген іссапарында әңгімелесудің сәті түскен еді.

– Дидар Нұркенұлы, келесі 2021 жылдан бастап, Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа жоба бойынша өтеді екен. Аталған жобаның артықшылығы қандай?

– Иə, 2021 жыл – Ұлттық тестілеу орталығы үшін бетбұрыс жылы. «Дəстүрдің озығы бар, тозығы бар» дейді халқымыз. Шындығында, өркениеті жоғары елдердің тəжірибесінен үйрене отырып, білім саласында біраз реформалар жасауға тура келді. Соның бірі – тілге тиек болып отырған ҰБТ-ның жаңа форматы. Біз бүкіл елдің сенімін арқалап отырғанымызды жақсы түсінеміз. Ж а с ұ р п а қ т ы ң м е к т е п б і т і р і п , кəмелеттік аттестатты қолына алып тұрып армандайтыны – жаны қалаған мамандықтың иесі болу. Ол үшін ҰБТдан жоғары ұпай жинау қажет. Балалары 11-сынып оқитын ата-ана, мұғалімдер, мектеп бітіруші түлектер үшін де нағыз сыналатын шақ осы. Сол себептен, бізге өз жұмысымызға немқұрайлы қарауға болмайды.

Бүкіл елдің сенімі мен аманатын мойнымызға арқалау оңай емес. Жауапкершілік жүгі ауыр. Жас ұрпақтың тағдыры шешілетін осынау сынақтан «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, тек озаттар мен білімділердің ғана өтуі үшін жағдай жасалуы тиіс. Мен сол үшін елдің негізгі бес аймағын аралап, ата-аналардың пікірлерін тыңдап, мектеп бітірушілермен пікірлесіп, бір шешімге келуге бел байладым.

Сонау 2004 жылдан бері қолданыста б о л ғ а н Ұ Б Т – н ы а р н а й ы қ а ғ а з парақтарымен тапсырудың оқушыға жүктейтін қиындығы көп. Мəселен, əуелі сұрақ кітапшасына белгілеп, одан кейін жауап парақтарын бояу өте қиын. Өзіңіз ойлап көріңізші, бір сұрақтың бірнеше жауабы дөңгелектер арқылы берілген. Ол дөңгелектер біреу-екеу емес, жүздеген дөңгелек. ҰБТ тапсыру үшін ерте тұрып, психологиялық жағынан уайымдап, шаршап отырған бала дөңгелектерді шатыстырып Жаңа жобаның жаңалығы алатыны сөзсіз.

Мəселен, сол жағдай менің басымнан да өтті. 2008 жыл болатын. Мектеп бітіріп, юриспруденция бағыты бойынша тест сынағын тапсырдым. Сұрақ кітапшасына дұрыс жауабымды белгілеп алған соң, жауап парағын толтыруға кірістім. Сол кезде өзім 100 пайыз білетін екі-үш сұрақтан қате жіберіппін. Дөңгелектерді бояған кезде шатасыппын. Уақыт аз қалды. Бақылаушы апайға: «жаңа парақ бересіз бе? Мен өзім 100 пайыз білетін сұрағымды қате белгілеп қойыппын» десем, «уақыт аз қалды» деп бермеді. Шыққаннан соң аппеляцияға бердім. Сұрақ кітапшасына дұрыс белгілегенімді алға тарттым. Бірақ, мен сол қатенің кесірінен екі-үш ұпай кем жинадым. Бірақ, жолым болды. Мен юриспруденцияға бөлінген грантпен оқуға қабылдандым. Ал, керісінше болса ше? Өмір бойы өкініп өтер едім ғой.

– Осындай жағдаймен жыл сайын бетпе-бет келіп жүргеніміз жасырын емес. Жаңа жоба мұндай кемшіліктерді қайталамай ма?

– Міне, сондықтан да қағаз парақтарының орнына келесі жылдан б а с т а п к о м п ь ю т е р л і к т е с т і л е у енгізілмек. Оқушы компьютер арқылы тест тапсырған кезде нəтижесі сол уақытта қолына тиеді. Сөйтіп, үйіне барып сағаттап уайымдап отырмайды. Оның орнына апелляцияны сол бойда дайындап, уақыт жоғалтпай шағымданады. Уақыты үнемделеді. Өз жауабын қалағанынша өзгерте алады. Ол үшін компьютер пернетақтасын басса болғаны. Сондай-ақ, калькулятор пайдалануға рұқсат етіледі. Химия пəнінен керекті таблицалар да компьютерден табылмақ.

Алдағы жылдан бастап, 140-150 емес, 35-50 тест орталықтары болады. Оқушы ҰБТ тапсыратын уақытын, күнін өзі таңдауына құқылы. Адам ағзасы əртүрлі. Бір айта кетерлігі, бұрын жылына төрт рет ҰБТ тапсырылатын. Тек маусым айында тапсырған тест қорытындысымен ғана оқушы жоғары оқу орнына грантқа қабылданатын. Ендігі жерде жаңа жоба бойынша үш рет тапсыруға құқығы бар. Үшеуінің қайсысында жоғары ұпай жинаса, оқушы сол арқылы грантпен оқуға түседі. Ең бастысы, білімді балаларға жол ашылмақ.

– Сонда бұрындары оқуға қабылдануда кездейсоқтықтың да болғаны ма?

– Жасыратыны жоқ, ҰБТ-ға қатысатын оқушылардың ноутбук, смартфон, шпаргалка, алыстан қосылатын құлаққаптарды пайдаланып, жоғары ұпай жинаған кездері болған. Ондай жағдайды дер кезінде анықтауға ұмтылдық. Мəселен, өткен 2019 жылы 115 мың оқушы ұлттық тестілеуге қатысса, олардан 128 мың тыйым салынған заттар, яғни, телефон, планшет, айфон жəне басқалары жиналып алынған. Ал, 2020 жылы 2700 тыйым салынған заттар алынды, 2500 оқушы ҰБТ-дан шығарылып жіберілді. Бұл оқушыларға обал, əрине. Бірақ, əділет салтанат құруы тиіс. Оқушы тек өз біліміне ғана сенгені дұрыс. Өмірін жаңа ғана бастап отырған шəкірттердің таза, шындық жолын таңдағанын қалаймын.

Сондықтан, біз енгізгелі отырған компьютер арқылы ҰБТ-ны тікелей тапсыру тиімді. Бала дұрыс дайындалса ғана сынақта жоғары ұпай жинайтынын өмір көрсетіп отыр. Кездейсоқ оқуға түскен мұғалімге кім өз баласын сеніп тапсыра алады? Өз пəнін жетік білмейтін мұғалім талантты, білімді, бəсекеге қабілетті ұрпақ дайындай ала ма? Ал, дəрігер мамандар ше? Қазір елімізде медицина кадрлары жетіспейді. Грант бұл салаға көптеп бөлінуде. Сонда кездейсоқ оқуға түсіп, адам тағдырын ойыншық етуге бола ма?

– Сіздің ойыңызша, ҰБТ-ның жаңа форматына оқушылар дайын ба? Сала мамандары ше? Бұл өзгеріске олар қалай қарайды?

– Компьютерлік форматтағы ҰБТны енгізу негіздемесі бүгін ғана дүниеге келген жоқ. Жоғары оқу орнына түсу үшін компьютерлік тестілеуді енгізу бойынша халықаралық тəжірибелерге сүйендік. Сөйте отырып, 2012 жылдан бастап дайындық жұмыстары жүрді. Отандық тəжірибеге келер болсақ, 2012 жылы мемлекеттік қызметшілер, 2018 жылы мектеп директорларын лауазымға тағайындау үшін компьютерлік тестілеуден өтті. 2019 жылы мектеп мұғалімдеріне санат бойынша түгелдей компьютерлік тестілеу жүргізілді.

Биыл магистратураға түсушілерді компьютерлік тестілеуден өткіздік. Сондықтан, біз дайынбыз деп сеніммен айта аламын. Компьютерлік форматта өткізген кезде тестілеу материалдарын дайындауға артық шығындар талап етілмейді. Мысалы, сұрақ кітапшалары, жауап парақтарының көшірмелері, Менделеев жəне тұздар ерігіштігі кестесі, плакаттар, калькуляторлар жасақталмайды. Тек бала компьютерге отырып, пернетақтаны басу арқылы өзіне керектіні таба алады. Бақылаушыларды іссапарға жіберу шығыны азаяды. Сөйтіп, бюджет қаржысы үнемделеді.

– Оқушы қалай дайындалады? Пандемия қаупіне байланысты қашықтан оқыту форматымен білім алып отырған шәкірттердің дайындығы қалай болмақ?

– Оны да ойластырдық. Тест сұрақтарын əзірлеген əр пəннің мұғалімдерінен Youtube каналы бойынша тегін сабақ алуға болады. Əр пəннен озық мұғалімдердің сабақтарын қарап, тегін кеңес алуға мүмкіндік жасап отырмыз.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз