САТТЫҚТА – ТІРІ БАЛЫҚТАР

«Інжу-Маржан» ЖШС ұжымы кешеден бастап көктемгі балық аулау науқанының  өнімдерін жүзбелі павильонда сата бастады.

Екі-үш жылдан бері халыққа тірі балық сату ісіне жергілікті әкімдік те қолдау көрсетіп отыр. Жүзбелі павильонға тартым басынан тікелей жеткізілген  балыққа деген тұтынушылар сұранысы жоғары. Өйткені, оның бағасы базардағыдан едәуір арзан, әрі қалағаныңызды таңдап, сатып аласыз. Мұнда сазанның келісі – 300, қаракөз – 100, табан мен мөңке балықтар 80 теңгеден сатылуда.

Сондықтан болар, «Інжу-Маржан» шипажайы маңында орналасқан сауда павильонына келушілер көбейді.

Б.ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз