Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Атырауда су болмайды

1db543f06be4b5ba38578fdf0d916a1b Жаңалықтар

Atr.kz/8 наурыз, 2020 жыл. «Атырау су арнасы» баспасөз-қызметі таратқан мәліметке қарағанда, су 11 наурыз күнгі кешкі сағат 23.00-ден бастап, 12 наурыз күнгі таңғы сағат 10.00-ге дейін болмайды.


Су беру қызметінің уақытша тоқтатылуы Атырау қаласымен бірге, Мақат ауданында қамтиды.
«Уақытша қолайсыздықтар Контейнерная көшесіндегі D630 магистральды су құбыры жүйесінің авариялық учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр. Сонымен бірге, су құбыры жүйелерін тазарту құрылғысына да жөндеу жүргізіледі» делінген хабарламада.


Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/te%d2%a3iz-ken-orny-ot%d2%9ba-orandy-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз