Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында емханаға қалай тіркелуге болады?

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл.  «Бұл таңдау  елімізде жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткізілетін емханаға тіркелу науқанында жүзеге асады. Осы кезең ішінде азаматтар өзі қалаған емхананы таңдау мүмкіндігі бар» дейді www.atr.kz сайтының сұрағына жауап берген «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек.                                                    

Алайда, филиал директоры  емхана таңдау кезінде ескеру қажет мәліметті баса айтты.

«Тұрғындар тіркелетін денсаулық сақтау ұйымы мемлекеттік болсын, жекеменшік  болсын оның кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен МӘМС пакеті шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер базасына еніп, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысты алып, медициналық сақтандыру қорымен келісім-шартқа отырған мекеме болуы тиістігін қаперге алу керек.  Азаматтар тіркеу науқаны кезінде таңдаған емхана қызметін келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап пайдалана алады. Бұл уақытқа  дейін бұрынғы емхананың пациенті болып қала береді» дейді Сәбит Райымбекұлы.

Айта кету керек, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тікелей немесе жазбаша өтініш бойынша, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатпен бірге электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркеледі. Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тағайындау бекітіліп отырған адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат болған кезде жүзеге асырылады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған