ҚХА сессиясы: Нұрсұлтан Назарбаев жаңа орынбасарларын таныстырды

20190429154156 Жаңалықтар

Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл. Елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы  барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Өздеріңіз де білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этно-мәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен, ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен Нұр-Сұлтан қалалық өзбек мәдени орталығының төрағасы Шерзод  Пулатов тағайындалды», – деді ҚР Тұңғыш Президенті.

20190429154147
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз