COVID-19: Атырауда тағы алты адам ауру жұқтырды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/16 қазан, 2020 жыл. Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам анықталды.

Қауіпті дертке шалдыққандардың үшеуі  – Атырау қаласынан, 1 адам – Қызылқоға ауданынан, ал 2 науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы. 

Айта кетейік, өткен тәулікте облыс бойынша 49 адам қауіпті инфекциядан жазылып шыққан.

«Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған