Бизнеске жасалған мүмкіндік

Елбасы жолдауы4 Жаңалықтар

Жолдаудың бизнес өкілдері үшін де маңызы зор. Өйткені, бұл саланың қарыштап дамуы алыпсатарлықтан өзгеріп, заманауи технологиялық өндіріске бет бұруына байланысты.

Елбасы жолдауы4

Біздің алдымызда жаһандық бәсекеге қабілетті тауар өндіру талабы тұр. Ал, мемлекеттік бағдарламалар бұл мақсатқа жетуге жағдай туғызуда. Қазіргі таңда кәсібін дөңгелеткісі келген жан ауылдық жерде тұратын болса да 16 миллион теңгеге дейін несие алуға қол жеткізіп отыр. Бұл керемет мүмкіндік. Жолдауда берілген тапсырмаға сай, бизнестің дамуына зиянын тигізіп отырған әкімшілік кедергілерді жойып, нормаларды реттеу «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына тапсырылып отыр. Бұл да саланы оңалтуға септігін тигізері сөзсіз.

Сол секілді, отбасылық кәсіпті дамыту жолында да әр аймақ өздерінің кешенді  іс-шараларын жасақтауы тиіс. Бұл реттегі біздің облыстың көрсеткіші жаман емес. Кішкене күнінен әке-шешесінің айналысатын ісіне ден қойып, сол саланың қыр-сырын меңгерген бала келешекте кәсібін дөңгеленте алатын қабілетке ие болады. Бұны өз істері арқылы дәлелдеген кәсіпкерлер өңірімізде аз емес.

Тағы бір айта кетерлігі, Президент жаңа жұмыс орындарының ашылуын да ұдайы назардан тыс қалдырмауды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы биліктің тиімді жұмысының бір көрсеткіші болып саналатыны белгілі.

Үкімет пен әкімдердің алдына қойылып отырған тапсырмалардың бірі – үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін бизнесті қайта реттеудің жүйелі шараларын жасақтау. Бұл іске бизнес өкілдері, жергілікті атқарушы билік пен мемлекеттік мекемелер бірлесіп, шетелдік озық жүйелерді негізге ала отырып жұмыстанған сәтте зор же-тістіктерге қол жеткізуге болады. Ал, тұтастай саланың алға басуы үшін бізде тиімді ахуал қалыптасқан.

Бұл күнде Қазақстан бағыт алған әлемнің ең дамыған 30 елі – экономикасы мен әлеуметтік саласы мықты мемлекеттер. Осыған байланысты Елбасының шағын және орта бизнесті өркендетуге көңіл бөлуі дұрыс. Себебі, экономикамыз мықты, бәсекеге қабілетті болғанда ғана, біз әлеуметтік саланы да тиісті деңгейге көтере аламыз.

Әлия БЕКҚОЖИЕВА,

Атырау облысы кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының төрайымы:

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз