БАЙЫПТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР – ЖАСТАР ҮШІН

Жаңалықтар

 

Алғашқы сөз алған «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Асқар Бопылдықов жастарға қарасты түрлі бағыттағы іс-шараларды түсіндіру жұмыстарын жүргізу, соның ішінде ауыл жастарына арналған түрлі бағдарламалардың мүмкіндіктерін көрсету мақсатымен  келіп  отырғандарын айтты.

Жалпы, «Жас Отан» жастар қанаты – «Нұр Отан» партиясының жанындағы республикадағы ең үлкен ұйымдардың бірі. Облысымызда 5000-нан  аса мүшесі бар. Бүгінгі күні бірнеше жобалар іске асырылуда. «Жастар кадрлық резерві» жобасы аясында 25-35 жас аралығындағы жастар Астанаға бір айға оқуға жіберіледі.  Бүгінгі  таңда облыстан бес бірдей жас оқуға барып, екеуі сол жаққа жұмысқа шақырылыпты.

Келесі кезекте сөз  сөйлеген облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Арман Азаматов пен «Тұрғын үй жинақ банкінің» маманы Сандуғаш Әбдірахманова өз салалары бойынша аудан жастарына қолжетімді түрлі бағдарламалардың жеңілдіктері, тиімді тұстары жайлы өз ойларын ортаға салды. Басында баспанасы жоқ кез келген жастың не жас отбасының «Қолжетімді баспана», «Жас Отау» бағдарламалары арқылы тұрғын үйге қол жеткізе алатынын айтып, оның міндетті шарттарын түсіндірді.

Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,
Құрманғазы ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған